СӨЗШЕҢ

lat: SÓZSHEŃ

сын. Көп сөйлегіш, сөйлемпаз сөзуар.

Ол жағы мен тіліне сүйенген, сөзшеңқу болатын (А. Сатаев, Ақын.).

Мұса сөзшең ,домбыра тартып, ән салатын сауыққой кісі еді («Қаз. әдеб».).

Мағжан сөзшең зайыбының шұбыртпа сөзін бөлуге мәжбүр болды (М. Хасенов, Нартәуекел).