СУЫҚ

lat: SÝYQ

сын. 1. Салқын, жылы емес.

Жаз келер, қысты күнгі қысым өтіп,

Қар, суық аяз, боран бәрі кетіп.

Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,

Табиғат барша жанға рахым етіп,

Жетнекке үлкендікке жас балалар,

Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп. (Ш. Құдайбердиев, Шығ.).

Ақ құмың керегіңше даяр қылам,

Кем-кетік жерің болса, даяр тұрам.

Жаз жетсе, қорқынышсыз, қыс уайымсыз,

Далада мың қорқыныш, суық боран. (М.Жұмабаев, Шығ.).

Жарылған алақанына суық су тікенектей қадалады (Д. Досжанов, Зауал).

2. ауыс. Ызғарлы, үрейлі.

Мен сіздінң маған бұлайша қарағаныңызға кием кетеді, сіз мені әйелге ыңғайы жоқ бір суық жан деп ойлайтын шығарсыз; бірде олай ойлауға жарамайды, адамшылықтың бір негізі әдеп. Әдеп тұрған жерде иман тұрады деген пайғамбардың халисі бар (Ж.Аймауытов, Шығ.).

«Соғыс» деген суық сөз (М. Сатыбалдиев, Жартас.).

Бір көргенде қатал сияқты суық жүзді адам екен (Қ. Исабаев, Соңғы.).