СУЫҚТА

lat: SÝYQTA

ет. 1. Суық өту, тоңу.

Дірілдеді, тоңды ма?

Қалмасын деп суықтап,

Қымтады оны қойнына (С. Қалиев, Қасиетті).

Қызым суықтап қалар, төбесіне шығу үшін көп күш керек (Ж. Еділбаев, Түркістан).

2. ауыс. Алшақтау, суысу, ренжісу.

Баяғыдай емес, аралары алшақтап, суықтап барады (Ауызекі).