СҮЙЕМ

lat: SÚIEM

зат. Бас бармақ пен сұқ саусақ аралығымен өлшенетін өлшем.

Немістер бар аймақтың әр сүйемін күні бұрын нысанаға алып, атқылап бекінген (Ә. Бектемісов, Майдангер.).

Қазақ жауынгерлері Украина, Белоруссия, Кавказ жерлерін өзіміздің жер, Отан жері деп бағалап, оның әрбір сүйемі үшін жаумен жан аямай жұлқысты (Р. Ыдырысов, Отты жыл.).