СҮЙЕМДЕ

lat: SÚIEMDE

ет.Сүйеммен өлшеу.

Қойдың сүбесі мен жылқының қазысын бұрынғыдай бірер елімен емес, сүйемдеп, қарыстап өлшейді (С. Мұқанов, Халық мұрасы).

Ажал әзірге батырларға бата алмай жүр, сүйемдеп, қарыстап ілгері жылжып келеді («Лен. жас»).