СЫН

lat: SYN

3ет. 1. Қирау, бүліну.

Сынбай қайтсін? “Масленкенің” шелпегін жеймін деп бір жолдастың үйінде отырып қалып, “бозжорғаны” айдаңқырап жібергенмін (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Есіркегіш екенсің, деді шілік

Онша сорлы емеспін, тартпа күйік!

Сынбаймын, майыссам да, солқылдаймын,

Желден маған келмейді еш кемшілік бай, Тол. жин.).

2. Морт кету, үзілу.

Не қылсам өлтіруге асық едім,

Қылышты аямай-ақ басып едім.

Болған соң қаруы жоқ таспен ұрып,

Қалған соң қолым сынып қашып едім (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Ол қанша пайда тапты жалғыз тұрып,

Өзгенің әлек етіп бәрін қырып?

Ағашта қурап тұрған әл болсын ба,

Кетіп ед дауыл соғып, қалды сынып (А.Байтұрсынов, Шығ.).

3.ауыс. Иілу, қайысу, мою, басылу.

Базара-лы біраз уақытқа басын төмен салып, сөніп, сынып қалды (М.Әуезов, Абай).

Батырбек сынбаса, маған мұндай бау қайда? (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Әйел өлмес соқпа дерттен,

Сауыға алмас сынған ер.

Мен көмірмін қалған өрттен,

Енді рұқсат бізге бер бай, Тол. жин.).

Көңілдің күйі тағы да

Өмірсіз жанның алды ішін.

Аударды өлең жағына,

Нәпсінің сынған қайғысын.

Ақшасын біреуге өсімге берсем ала алмаймын деп, сауда қылсам сынып қалам ба деп қорқып, өз қолымда сақ тайын десе, ұрлатам ба деп, ақшасын алып барып, үш бөліп банкаға беріпті. Батырбек саудадан сынды да, осы бауды бір ат, бір сиырға маған сатты (Ж.Аймауытов, Шығ.).

“Ақ иіліп сынбақ жоқ деген рас, Нәпсі өлсе өзімшіл, бұған кім сенбейтін? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

4.ауыс. Ауа райының (аяз, жел) ызғары қайту, толастау, басылу.

Ертеңінде Матеннен жүріп кеттік. Шұнақ аяз азырақ сынды (С.Сейфуллин, Тар жол.).

Құлан иектеніп таң атты. Жел сынғандай болды («Қаз. әдеб.»).

Күтпеген түста күн де сынып, ауыл-ауылдың аралас-құраласы жиіледі (Т. Әлімқұлов, Туған ауыл).