СІЛТЕМЕ

lat: SİLTEME

зат. Нұсқап көрсететін белгі; көрсеткіш, нұсқағыш.

Жаз шыға уһ деп демалып артыма қарасам, әр түрлі үзінділер, сілтемелер тіркелген қағаздар, фотокөшірмелер, микрофильмдер үлкен екі шабадан бопты (М. Мағауин, Қияда.).

Кейінгі жылдары жаңа программаға сәйкес баспадан шыққан химияның есептері мен жаттығуларында осындай материалдарға сілтеме берілген («Қазақст. мұғ.»).