СІҢЛІ

lat: SİŃLİ

зат. Бірге туған қыздардың, жақын әйелдердің кішісі; жасы үлкен әйелдердің жасы кіші әйелге қарата қолданылатын атауы.

Менің қасымда жалғыз сіңлім бар, әкеміз болса әскерге кетті (Ә.Шәріпов, Қапаста.).

Жол апаға берілгені рас болса, бір олжасын ана сіңлісіне тартпақ (А.Хангелдин, Қараторғай).

Клара Әжікей деген кісінің әйелінің сіңлісі (А.Сатаев, Ақын ізі).