ТАБАЛДЫРЫҚ

lat: TABALDYRYQ

зат. Есіктің маңдайшасына қарама-қарсы, төменгі жағындағы жерге, еденге тиіп тұратын көлденең ағашы.

Қазақ үйлерінің сүйегі кереге, уық, шаңырақ, маңдайша, таяныш, табалдырық, сықырлауық деп аталатын ағаш құралдардан тұрады (С.Қасиманов, Қаз. колөнері).

Мен кебісімді табалдырықтың сыртына тастадым (Ж.Аймауытов, Шығ.). 

Есіктің кіре берісі, ішке қарай аттап өтетін жер.

Табалдырықтан бастап төрге дейін төселген түкті кілемдер табаныңнан тар былқ-былқ етеді (Ғ.Мүсірепов, Таңд. Шығ.).