ТАБАНДЫЛЫҚ

lat: TABANDYLYQ

зат.Тұрақтылық, төзімділік, қайсарлық.

Табандылық қолға қонар құс емес,

Бір жарқ етіп көрінетін күш емес,

Өзі үндемей, аузын аңдып өзгенің

Жалтақтаған жандардың бұл ісі емес (А.Шамкенов, Сырларым.).

Бізге тән табандылық, байсалдылық,

Жанымда ерлік деген жайсаң ғұрып.

Дүшпанмен жағаласқан сұрапыл кез

Кетіпті қаймықпайтын қайсар қылып (М.Құрманалин, Аспан.).