ТАБИҒИ

lat: TABIǴI

сын. 1. Табиғатқа тән; жасанды емес; таза, қоспасыз.

«Ұшқын» бетінде жарыққа шыққан жас Бернияз әде биетіміздің сол табиғи жолымен шықты (М.Жұмабаев. Шығ.).

Алайда табиғатта жалғыз-ақ табиғи себептер, табиғи амалдар ғана бола алады (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Қазақстан табиғи байлықтары мол республикалардың бірі (X.Қыдырбаев, Дала көркі).

Жасанды алмастың құны табиғи алмастан әлдеқайда төмен (О.Бейсеев, Жеңімпаз.).

Бұл дүлей дауыл осы жердің бір табиғи өзгешелігі еді (Ж.Арыстанов, Естен кетп.).

2.ауыс. Боямасыз, нанымды.

Рахияның сырт пішіні езгергіш және кісі сенерліктей табиғи еді («Қазақст. әйелдер]»).

Табиғи жазуға, сұлу жазуға тырысатын ақындарымыздың бірі Мұқағали (Ж.Әбдірашев, Парасат.).