ТАЛҚЫЛАУ

lat: TALQYLAÝ

қ. атау, Талқыла-у.

Романның төрт томын түгел оқып шыққан нан кейін талқылауға уәделесті (С.Мұқанов, Таңд. шығ.).

Пленум қарарларын талқылауға арналған бұл бюроға Еңліктің де айтар сөз, қояр тілегі жоқ емес (К.Оразалин, Ақ Жазық).

Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлданғаннан кейін ол барша жұрттың талқылауы үшін баспасөзде жарияланған болатын. Парламентке жүздеген ұсыныстар мен ескертпелер келіп түсті және пысықталғаннан кейін бұл жоба екі палатадан да ойдағыдай өтті (Қазақстандағы парламентаризм: қалыптасу және даму. Ег. Қаз.).

Мәселені ақылдасудың, талқылаудың, кеңесу мен дейектеудің, келісудің шешім қабылдаудың өркениетті тәсілдерін білу кәсіби парыз (М.Кемел. «Сөз - құдірет», Ег. Қаз.).