ТАМЫР

lat: TAMYR

зат. 1. Өсімдіктің су мен қо ректік заттарды жеткізіп тұратын мүшесі.

Өсімдіктер суды негізінен тамырлары арқылы және жапырақтары арқылы алады (Ж.Жатқанбаев, Су.).

Халық ертеден ақ итмұрынның тамырын қайнатып тұнба жасап, оны іш өткен, асқазан, шек ауырған, кейде бауыр ауырған кезінде ішіп келген (С.Сұбханбердин, Өсімдік дәрі.).

Тамыр топырақтарға су мен қо ректік заттарды өсімдіктердің пайдалануы. на негізгі қызмет атқаратын мүше болып саналады (С.Тұрдиев, Үй өсімдік.).

2. Қан жүретін жол.

Жаңа туған баланың тамыры бір минутта 150 рет соғады. Екі жасар баланың тамыры 120-ға шейін соғады. Жеткен адамның тамырының соғуы бір минутта 6570-тен аспайды (М.Жұмабаев, Шығ.).

Жаным өлік еді, жанға жан кірді.

Тамыр кеуіп еді, ыстық қан жүгірді.

Жиегінде қорғасындай көгімнің

Бүгін ғана бақыт таңы білінді (М.Жұмабаев, Шығ.).

Ауру малдың тамыры минутына 120140 рет соғады, тамырдың толуы бәсеңдейді (С.Сыбанбаев, Мал қаны.).

Ахмедиярдың жүрегі лүп-лүп соғып, өзінен-өзі демігіп, шеке тамыры солқылдап, қаны басына шапшиды (Ө.Қанахин, Жүрек.).

Шөкен Сәкеннің атасы. Ұзын бойлы қара сақалды кісі. Тамырлары адырайған қолдарын артына ұстап, үнемі тік жүреді (М.Тоқбергенов, Жыл.).

3. ауыс. Алыс-беріс жасап жүретін досжар адам.

Жақсы көрер тамырдың атын алма, тайын алақал).

«Мен емес пе сабырың,

Жаныңа тыныш тамырың,

Асықпа деп алдайды,

Қазулы ма деп қабырың?» (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Ұмыттың ба ескі жар,

Аяқ, баурым Сабыр ғой!

Сабырлы ер де менде бар,

Ол екеуміз тамыр ғой (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Бастады аға-жеңгем бір жұмысты,

Самсымен тамыр бол деп көрдей қысты.

Көзімді жаудыратып малға сатпақ,

Көрем деп ойлап па едім мұндай істі? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

4. ауыс. Ашына-жай, көңілдес адам.

Осы оймен оның қатынымен тамыр болдым. Қатыны мені сүйеді. Ол жас, маған кызығады. Оның махаббатын пайдалануым керек... (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Тамыр болсаң тамыр бол, ашына бол,

Жел сөзіме қызықсаң басыма бол.

Сақалды да бар деген сан періште,

Көшіп кел де аулымның қасына қон (Айтыс).

5. ауыс. Бір нәрсенің шыққан жері, төркіні, негізі.

Ақсақал айтқан сөздің тамыры қайда жатыр, аңғардыңыз ба? (Ауызекі).