ТАҢБА

lat: TAŃBA

з а т. 1. Дақ, ен, белгі, мµр. Мына пистолетте сізден басқа бөтен кісінің қолының т а ң б а с ы жоқ (К.Тоқаев, Түнде.). Сәлім дәптер сыртындағы әріп т а ң б а с ы н бірден тани кетті (М.Дүйсенов, Гүлжан.). Қасымның жасы қырықтың шамасында. Бетінде шешек шалған айқын т а ң б а с ы бар шұбар (М.Әуезов, Қараш.). 2. а у ы с. Қаяу, шер, кек. Бұл бір менің бала көңіліме өшпес т а ң б а с ы н қалдырған, естен кетпес оқиға (С.Шанмерденов, Сыбызғы.). Абайдың поэзиясында уайым-қайғы т а ң б а л а р ы көрініп қалады (М. Қаратаев, Туған әдеб.).