ТАҢЕРТЕҢ

lat: TAŃERTEŃ

үст. Ертеңгі мезгіл, азанғы уақыт.

Шапандарын белсенген,

Асау мініп теңселген,

Жылқышылар кеп тұрса,

Таңертеңмен салпылдап (Абай, Тол. жин.)

Таңертең ерте жүреді. Қазір дайындап қой. (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Әбілқайыр Қайып ауылындағы бұл әңгіменің бәрін дөң астынан көріп-біліп жатса да қылп етпеді. Өйткені, орыс шонжарының арғы пиғылын анық біліп отырып, таңертең мұсылман, кешке кәпір боп, құдайдың қысқа күнінде қырық құбылып бағатын өз жұртының аузы қалай қисаярына көзі анық жетпей тұрғанда, ертеден сыр шашып қайтеді (Ә.Кекілбаев, Үркер).

Кел, Наурыз, тыңдайық үніңді ерен,

Жұпар иісін ағындат гүліңменен.

Өрік, тал да таңертең гүл төгеді

Сұлу қыздай сылаңдап, күлімдеген (К.Салықов, Жезкиік.).