ТАҢЕРТЕҢГІ

lat: TAŃERTEŃGİ

с ы н. Таңғы, азанғы. Т а ң е р т е ң г і асты ішкен соң,… Абай қалың кітаптар оқиды (М.Әуезов, Абай жолы) Т а ң е р т е ң г і шай үстінде түнде көрген түсін айтып беру оған әдетке айналды. Ол түсте үнемі Хасен болды. «Құлыным мені сағынып жүр-ау деймін» (І.Есенберлин, Көлеңкеңмен қорғай жүр). Міне, бүгін де т а ң е р т е ң г і шайдан кейін өзінің шатырына келіп, бір сәт тыным алды. Төсегіне қисайып жатып, Джек Лондон әңгімелеріне кіріскен (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті.).