ТАПҚЫРЛЫҚ

lat: TAPQYRLYQ

з а т. Алғырлық, зеректік. Жібектің жақсы сипаттарының бірі-т а п қ ы р л ы қ, шешендік. Көренді ол өзінің ақылдылығы, шешендігімен ұршықтай ойнатады (М.Әуезов, Әр жылдар ойлары.). Соғыста әдіс-айла т а п қ ы р л ы қ ауадай қажет. Жауды санмен емес, сапамен жеңе білуге тиіспіз. Ол үшін соғысу әдістерін, айларекетін өте жақсы игеріп, өзіңе берілген қаруды бес саусағыңдай біліп, жауға қарсы шеберлікпен жұмсай білу керек (Ө.Қанахин, Өз ақылымен.). Жанат ылғи ерлікті, т а п қ ы р л ы қ т ы, қайсарлықты өзгеше сүйіп, құштарлықпен әңгімелейтін (Ө.Тұрманжанов, Адам.).