ТАПСЫРМА

lat: TAPSYRMA

зат. 1. Міндеттелген жұмыс, іс.

Олардың командирлері полковникке келіп жайды баяндап, қысқа-қысқа тапсырма алып кетіп жатты (Б.Момышұлы, Москва.).

Әкесі берген тапсырма бойынша, бар тергеу талқыны өз мойнына алған 30 жасар жігіт Құнанбай болды (М.Әуезов, Әр жылдар ойлары).

Көкең алған Әлібиден тапсырма,

Депті оған « елден өрен жас жина!

Біз құрамыз еңбекші тап әскерін,

Жау көп әлі жатқан жардың астында!» (Ғ.Қайырбеков, Қосб.).

инф. 2. Тапсырмаларды басқару тіліндегі программа.