ТАПШЫЛЫҚ

lat: TAPSHYLYQ

зат. Жетімсіздік, кемшілік.

Ашап-ішуге малдың тапшылығы да, ағайынның араздығы да әр түрлі бәлеге, ұрлық зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе (Абай, Тол. жин.).

Ұзын сөздің қысқасы қазақ асарын асап, жасарын жасаған, мәдениеті көпей ел, табиғат сырына ақылы жетіп болмаған, бақташы, диханшы ел; дін тұманынан әлі арылмаған ел; жан жүйесі, ой жүйесі, рух әлемі жаңа қалыпқа әлі қалыптанып жетпеген ел, ұлтшылдық сезімі кемеліне келмеген ел, тапшылдық әлеуметшілдік пікірін жаңа ғана естіп отырған ел (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Су тапшылығына қарамастан, бағы күтімді көрінді (Ж.Өмірбеков, Замандас.).

Сен жыладың, жігітім,

Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,

Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым (М.Шаханов, Ғасыр.).