ТӘБЕТ

lat: TÁBET

зат. Адамның асқа деген зауқы, көңіл қалауы.

Жөнейіттің асқа да тәбеті шамалы (Ә.Кекілбаев, Дала.).

Қуырған балықтың исі қандай әдемі, бірден тәбет шақырады (Ө.Қанахин, Жер бас.).

Тәбет тамақтану қажеттілігін білдіретін сезім; сондай-ақ организмге қорек қажеттілігін реттейтін физиологиялық процесс (Қаз. тілі термин. Тамақ.).