ТӘЖІРИБЕ

lat: TÁJİRIBE

зат. Белгілі бір істі үнемі істеумен, машықтанумен болатын жұмыс дағдысы.

Баланы дұрыс тәрбие қылу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді (М.Жұмабаев, Шығ.).

Үй-күйі жоқ, қараусыз қалған балалармен тәрбиеге көне қоймайтұғын кеміс балаларды бағып-қағып, дұрыс тәрбие жолында көп тәжірибелер жасалып, ондай балаларды тәрбиелеудің жаңа әдістері табылып отыр (М.Дулатов, Шығ.).

Мал дәрігерлік оқуындағы студент бала екен, осында тәжірибе жұмысына келіпті (Ж.Алтайбаев, Сыпырғыш).

Шығыс суфизмімен сусындаған ағылшын философы Роджерс Бэкон сонау XIII ғасырдың өзінде ақиқаттың Құдайдың аян беруімен емес, адамдар тәжірибесі арқылы анықталатынын айтты (Ә.Кекілбай, Тіл және тәуелсіздік).