ТӘКАППАР

lat: TÁKAPPAR

1. сын. Өркөкірек, менмен, паң.

Дүниелікке көңілі тоқ,

Ағайынға бауырмал.

Тәкәппар, жалған онда жоқ,

Айнымас жүрек, күлкің бал (Абай, Тол. жин.).

Елде көп бұл бидайдай адам деді,

Тәкаппар оны халық жаман, деді.

Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның,

Тұтынба бұл мінезді, балам, деді. (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Ауылға көлген соң тәкаппар Мешіт сұлу да Ақбозаттың мойнынан құшақтады (М.Жұмабаев, Шығ.).

Тәкаппар сұлу менсінбей өте шықты қасымнан, ең болмаса көз қырын да тастамайды-ау! (3.Шашкин, Өмір.).

Тілдескен зәулім шыңы аспанменен,

Тәкаппар иілмейді қарап төмен,

Мақтаны ұлы Кавказ қарт Қазбек

Жалғызақ сүйіседі күн төбеден (И.Байзақов, Таңд. шығ.).

Ер, көне тайпа дәстүрі оралса кері,

Қасоқтың және қасоққа жоғалса-ау кегі.

...Тәңірің сенің көбейсін, тәкаппар елім,

Алдымен сені жарылқар, сонан соң мені (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).

Жеңіс маған мәңгі берді қол ұшын,

Бақыттымын,

Тәкаппармын сол үшін.

Оны ұғатын қайдан болсын от сенде

Өкінбеймін қазір өліп кетсем де (М.Шаханов, Ғасыр.). 

2. Өзін басқадан артық көріп, кеудесін көтеріп, жағымсыз құлық көрсететін адам.

Тәкаппар болу ақымақтықтың белгісі (Қаз. тілі термин. Педагогика.).