ТӘРБИЕЛЕУ

lat: TÁRBIELEÝ

Тәрбиеле етістігінің қимыл атауы.

Біздікі де сол баланы жақсы етіп тәрбиелеудің әрекеті ғой (Қ.Асанов, Сағыныш).

Адамдарды нәзіктікке, сезімталдыққа, көркемдікке тәрбиелеуде поэзияның орны өзгеше (I.Омаров, Серпін).

Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті (ҚР Конституциясы.).