ТӘРБИЕЛІ

lat: TÁRBIELİ

сын. Жақсы тәрбиеленген, үлгілі, өнегелі, әдепті.

Ғазиза салмақты, таза, тәрбиелі бала (М.Әуезов, Таңд. шығ.).

Бақытты бол, деді бәйбіше бірінші тіл қатып. Тәрбиелі жерден шыққан бала екенсің. Атың кім? (Д.Исабеков, Тіршілік).

Көп оның тілекшісі, жан күйері,

Жігіт ол таңдай таза тәрбиелі.

Алтынды кір шала ма, кір шалмайды,

Алып кеп жаққаныңмен бар күйені (Т.Молдағалиев, Шақырады.).

Ұрмақ тиіс балғаны

Темірдің қызу жұбында.

Өлшеп заман низамын,

Тәрбиелі талапқа

Ұмтыла басып қимылда! (О.Шораяқов, Шайыр.).