ТӘРБИЕШІ

lat: TÁRBIESHİ

зат. Жастарға тәрбие беру жұмысымен айналысатын адам; тәрбие жұмысын жүргізуші, тәрбиелеуші.

Жоғарыда саналған іскерлік түрлерінің ішінде адамға ең қымбаты адамның терең, толық білімді болуына себепші болатыны, сөз жоқ, ерікті іскерлік. Сондықтан тәрбиеші күшін баланың ерідті іскерлігінің өркендеуіне жұмсау керек (М.Жұмабаев, Шығ.).

Қанша айтқанмен директор сеніңкіремеді ме, қасына интернаттың тәрбиешісін қосып беретін болды (Т.Ахтанов, Боран).

Зейнеп колхоз яслиінде тәрбиеші боп істейтін (С.Омаров, Хантағы).

Бірі партия қызметкері, біреулері мұғалім, тәрбиеші, жас бөбектерге ұстаз (Ғ.Сыланов, Замана.).