ТӘТТІ

lat: TÁTTİ

сын. 1. Дәмі бал, қант, кәмпит сияқты; тіл үйіретін.

Мысалы, бала қанттан әсерлену алғанда қантты қатты ақ зат деп емес, тура тәтті бір зат деп қана біледі (М.Жұмабаев, Шығ.).

Бұл қауындар басқа қауындарға қарағанда әлде қайда тәтті (А.Алманиязов. Қазақст. қауын.).

Дұрыс ұйықтау үшін түнге қарай бір стакан тәтті компот не тәтті кисель ішкен жөн (С.Сұбханбердин, Дәрі дауа.).

Енді тимен оған мен, Ісіп кетті бас, шекем.

Балы тәтті болғанмен,

Тілі өзінің ащы екен (Қ.Мырзалиев, Күміс.).

2. Дәмді, нәрлі, жұғымды, сіңімді.

Болғайсың таудан аққан тәтті бұлақ,

Ыстықта шөлдегендер жабылатын.

Қысылған мұхтаждарға жәрдем беріп,

Халықтың өзіне аудар махаббатын (М.Дулатов, Шығ.).

Ойын-сауықтың, тіпті, қызық болуы үшін қымыз, қазы, қозыдан басқа қант, шай, ұн тағы қаланың басқа түрлі тәтті тамақтары керек қой (М.Жұмабаев, Шығ.).

Айтып бар әлгіңе. Бұл дүниеде жылқының етінен тәтті ет жоқ (Ж.Тәшенов, Қаратас).

Келіннің шайы тәтті болушы еді, барайық (М.Дүйсенов, Гүлжан.).

Тоқ адам ас таңдайды; тәттісін, дәмдісін қалайды (М.Сүндетов, Ескексіз.).

3. Кәмпит, қант, шекер, науат.

Аузы босай берсе бітті, тоқым арасына төгіп тастаған әлгіде Сатыбалды әкелген тәттіге қол салады (М.Қуанышбаев, Кек қылышы).

Қолдарына түскен тәттісін баланың қолына ұстатады (А.Жұмаділдин, Қайырлы.).

О баста қант беріп, тәттіге үйір қылған мен едім (Ш.Мұртазаев, Қара маржан).

4. ауыс. Артық, қымбат.

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

және хақ жолы осы деп әділетті бай, Тол. жин.).

«Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті » дейді... Ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? бай, Таңд. жин.).

Жалғыз жатып ойланам,

Күңіренемін, толғанам:

Балдан тәтті өмір не?

Қорқынышты өлім не?

Жалынды жүйрік жас жүрек

Неге ақырын сөнеді?

Бұған жауап кім табар? (М.Жұмабаев, Шығ.).

5. ауыс. Жанға жайлы, жағымды, сүйкімді.

Ай, жұлдыз, ағарған таң, жарық күн бар,

Жазғы құс, жапырақта қандай мін бар?

Күндізгі харекеттен босағанда,

Өзіңеөзің тиген тәтті түн бар бай, Тол. жин.).

Неткен жақсы, неткен тәтті бұл минут!

Бізге қарап, бақшадағы гүл күлед.

Жәметайым! Жанжағыңа қарашы!

Жер де, көк те жаңа түсте түрленед! (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Ыбырайым бір тәтті арманға берілген, күлімдей түсіп, ерін ұшымен ғана баяу әндетіп келеді (Ә.Сәрсенбаев, Батыр.).

Біз ол тізімі папкасында болуы керек деген тәтті үмітпен келе жатырмыз (Г.Қайырбеков, Ақ желкен).

Өзімненөзім гүлдеймін,

Беріліп кейде тәтті ойға.

Жұрт бізді қазір, білмеймін,

Мақтамай ма, әлде мақтай ма? (Р.Өтегенов, Ақ шуақ).

6. ауыс. Ынтымақты, тату, сыйлас.

Боп жүрді екі жағы тәтті құда,

Бой жетті екі қыз да болып бұла.

Отаулап кырғыз қызын ұзақ алды,

Балта бай беріп болды бәрін бұ да (I.Жансүгіроув, Шығ. жин.).

Бір жыл туып, бірге өскен,

Тату едік, тәтті едік (Қ.Жұмалиев, Қырда.).

7. ауыс. Өмірдің қызығы, рақаты, жақсы жақтары.

Тәттісін де, ащысын да көрдік қой бұл дүниенің (К.Сақабаев, Өткел.).

Махаббат жолы шұбар шың,

Шықпасаң қандай баққа сан?

Тәттісін қалай ұғарсың,

Ащының дәмін татпасаң? (Ж.Молдағалиев. Шығ).

Жау оғынан :караланған жандайын,

Жеңбедім мен қиындықтың қандайын.

Мына өмірде аз татты деп ойламан

Ащыны да, тәттіні де таңдайым (Қанат қақты).