ТЕГІ

lat: TEGİ

1 ш ы л. Шамасы, сірә, асылында, зады. Өлген қайтып келмейді, Жыласаң батыр жасисың, Ештеме т е г і өнбейді. Жаралып жан болған соң, Ақырында жер жейді (Бақтыбай ақын, Жел қобыз.). Үй ішің егіз болсын, туыс болсын, Өлген соң бағаң болмас көрге тығар. Мал болсын, адам болсын, жәндік болсын, Өлімге т е г і болмас ешкім құмар (Қабан жырау. Алтын қазық). Шақырып дос болардай жау да өш, т е г і, Қайыра даттамастай зәуде еш мені, (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). Т е г і, қора жақта істеп жатқан шаруасын бітірмей, қолын жуа салып, бізге шай құйып беруге келгенге ұқсайды (Ә.Нұршайықов, Махабб.). Т е г і, мені өз адамы десе керек (Ә.Сәрсенбаев, Офицер.). Т е г і, Москвада қызметте қалғың келмеген ғой (Ә.Қарағұлов, Баспасөз.).