ТЕРІС1

lat: TERİS1

с ы н. 1. Дұрыс емес, қате; бұрыс. Ар демек адамшылық, намыс деген, Арың кетпес жағыңа қарыс деген. Т е р і с ұғып жүрмесін мұны біреу, Сөз емес күншіл болып, алыс деген (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Заң да болған соларда, Жалғаны жоқ, адамнан Тура, әділ, жақсы да, Жаңаны мақтар санаулы. Аспаннан пері түсірген Не дұрыс шығар, не т е р і с, Ғайыпты болжар бақсы да. Әйтеуір өткен аяулы (М.Жұмабаев, Шығ.). Исатайды енді қол астындағы көп әскерімен Баймағамбет қуады. Бірақ ел Исатайды жасырып, орнын айтпайды. Қазақтың т е р і с сілтеуімен Баймағамбет Исатайды Атырау, Маңғыстау жаққа қуып кетеді (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.). 2. Кері, керісінше, қарамаарсы. Біз т е р і с кетіп бара жатырмыз, олардың жайлауы «Қызмоншақ» болатын, деді (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.). Т е р і с те борап ұштым мен, Көтеріп бәрін еңсеммен, Күндерде осынау үстімнен Үкілі бақтар теңселген (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.). Неше күннен бері жел т е р і с і н е н, терістіктен көтерілген шаңыт біресе өршіп, біресе шөгеді (Ж.Аймаутытов, Шығ.). Түзуіне төтелеп тура жүру, Жөнді іске т е р і с лағып бәлен демес. Әр пенденің басында әр түрлі іс бар, Табылған барша жұрттан ұшбу кеңес. Егерде жүрегіңде талап болса, Қорғанбай көкке ұмтыл, бойды теңес (Ә.Найманбаев, Шығ.). 3. а у ы с. Жағымсыз, ұнамсыз, орынсыз, жүйесіз. Көшеге ертіп шыққанда өзіңмен бірге жүрсін, т е р і с мінездерін байқасаң, одан тиып таста, деді (Ш.Айманов, Қыран.). Мектептен шығару оқушының ерекше бір т е р і с қылығы үшін қолданылатын ауыр жазаемья тәрбиесі). Адамгершілік тәрбие әлеуметтік тұрмыста т е р і с мінез, жат қылықтарға қарсы тұра алатын ұстамдылықты қалыптастырады (Ә.Болғанбаев Адам және коллектив).