ТЕРІС

lat: TERİS

2 е т. 1. Жинасу, теруге, жиналуға болысу. Жалғыз барам деп қиналма, мен де барып, саған тезек т е р і с і п қайтам, деді (А.Байтанаев, Қайнар.). Жұпардай аңқып исі жемістердің, Верамен қатар жүріп т е р і с к е н гүл, Кетер ме көкейімнен, болмас ұмыт Ләззаттың балын тілмен беріскенім (Ғ.Игенсартов, Тың.). 2. а у ы с. Бірірінің қателіктерін, кемшіліктерін жіпке тізіп айту, бетке басу. Өкпелерін т е р і с т і. Екі батыр егесіп, Ел алдында керісті. Егесіп тұрып екі алып Шегінісіп тұрысты (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).