ТОЙЛАУ

lat: TOILAÝ

Тойла етістігінің қимыл атауы; той жасау, мерекелеу, атап өту. Онкүндік мерекесі өткеннен кейін, мен Леон Исаевич Мирзоянға жолықтым да, алдағы жазда Сәкен Сейфуллиннің әдебиеттік еңбекке кірісуіне 20 жыл толуын Қазақстанда т о й л а у д ы өтіндім (С.Мұқанов, Есею жылдары). Саған соны қалай көрсетуді көптен бері ойлап, өсек айтқандай болмайын, өз көзімен көрсін деп, ақырында, мінеки, туған күнімді т о й л а у д ы ойлап таптым (Б.Нұржекеев, Бір өкініш, бір үміт). Сіздің туған күндерді тойлаудамыз, Т о й л а у д а м ы з, ән-күйге бойлаудамыз. «Ондай болмақ қайда» деп ойламай біз, «Ондай қалай болсам» деп ойлаудамыз (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.). Бала жастан сүйем осы елді мен, Таусылмайды осы ел жайлы әңгімем. Келді Ораздар Отан тойын т о й л а у ғ а, Әліби де келді Аманкелдімен (Толдағалиев, Шақырады.).