ТОҚАЛ

lat: TOQAL

зат. этн. Бәйбішенің үстіне алған әйел.

Тоқал қатын өр келетұғыны несі?

Кеселді кісі ер келетұғыны несі?

Кедей кісінің кер келетұғыны несі? (Абай, Тол. жин.).

Тойлы бопты, тоқал апты.

Қаныш байың қарқылдапты.

Ұл табуға міндетті екен,

Тоқал қасқа қысыр қапты (М.Жұмабаев, Шығ.).

Бір ұл бар тоқалынан

Барғана атты,

Қоя ма қазақ тұтпай ескі салтты?

«Аға өлсе, жеңге мұра» деді-дағы,

Қатын ғып

Былқылдақпен бірге жатты (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Ой, тоқалда басың қалсын, тоқал, тоқал деп әлі құрығаныңды білмессің (Ж.Аймауытов, Шығ.).