ТОҚАЛ

lat: TOQAL

сын. Мүйізі жоқ тұқыл, мал.

Мен көргенде тоқал ешкінің басындай жалпақ төбелісі де, я қамыс, я сабан жабылған нар өркеш үйлері де болатын (Ғ.Сланов, Домбыра.).

Демнің арасында шағын ауылға қимыл араласқан, көршінің тоқал сиыры да маңғаз басып, өріске беттеп барады (Д.Досжанов, Кісі.).

Сол сарнауық арбаны тоқал мүйіз екі қасқа өгізге жегіп бұ кісі қырманға бау тасиды (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас).