ТОҚБАСАР

lat: TOQBASAR

зат. 1. Тамақ ішіп болғаннан кейінгі ас сіңіретін бойжазыс.

Тамақ ішіп болған соң Әбіл: Жігіттер, енді тоқбасар жасаймыз, серуенге шығамыз, күрес болады деді (М.Тоқжігітов, Ән.).

Олар етке тойып, қайта қанған соң, біраз тоқбасып, аттарды жемдеп, түйеге шөп салды да, қас қарая жүріп кетті (Б.Тоғысбаев, Алдыңғы.).

2. Ас сіңіретін жеңіл тағам.

Тоқбасарға балмұздақ! (Ауызекі).