ТОҚТЫ

lat: TOQTY

зат. аст. <лат. arіes> Жұлдыздық аспанның Солтүстік жарты шарындағы зодиактік шоқжұлдыз.

Тоқты шоқжұлдызының астрономиялық таңбасымен күн мен түннің көктемгі теңелу нүктесі белгіленеді. Персей, Үшбұрыш, Балықтар, Кит, Торпақ шоқжұлдыздарының аралығында орналасқан (қ. Жұлдызды аспан картасы).