ТОН

lat: TON

1 з а т. 1. Иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы, қыстық сырт киім. Жамылып иығына т о н, күпісін, Дәретке бай да шықты ыңыранып (І.Жансүгіров, шығ.). Қапыда қолға түсіп болды пенде. Сыпырып атын, т о н ы н жалаңаштап, Масқара қылды әбден әйгілі елге (І.Жансүгіров, Шығ.). Осы кезде почташы Бәкір кіріп келді, басында әкесінің ескі түлкі тымағы, үстінде тері т о н ы (С.Алдабергенов, Асу). 2. к ө н е. Ерлердің сырт киіміне байланысты жалпы атау. Шынжырлы шен, шұбар тон. Шықты көрден сонан соң Желін жамбы, тайтұяқ. Ақырын кеп күбірлеп (І.Жансүгіров, Шығ.). Таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде т о н сыйлыаз. мақал.). Алдыңызға тағы да басымды иемін, жүлдені біз алмаймыз» Арыстан Бабаға т о н жабамыз,– деді (М.Дүзенов, Ант).