ТОН

lat: TON

3 з а т. м у з. 1. Дыбыстың белгілі бір жоғарылығы, дауыс көтеріңкілігі. Сатар сымнан таққан он үш ішегі бар, біреуі ғана т о н беріп, өзгелері октаваларға бөлініп кететін құрал (С.Мұқанов, Алып. адым.). 2. Екі дыбыстың арақатысы. Екі жарты т о н бір бүтін тон құрайды (В.Ғизатов, Қаз. муз. Сөздік.). 3. Дыбыс, дауыс ырғағы. Бір жылдың аяғында дыбыстарды түгел айырып, сөздерді ұғып, хатта сөйлеудің т о н ы н, ыңғайын да (ашулы сөз, жылы сөз) байқай алады (М. Жұмабаев, Шығ.).