ТОРПАҚ

lat: TORPAQ

1 з а т. Сиыр малының алты айдан бір жасқа дейінгі бұзауы. Ірі қараның алты айға дейінгі төлі бұзау, алты айдан бір жасқа дейінгісін т о р п а қ, баспақ десе, бірден екі жасқа дейінгілерін тайынша, тана дейді (X.Арғынбаев, Қаз. әтногр.). Қой-ешкі, т о р п а қ-тана, тай-құланды есептемегенде екі-екіден бие, үш-төрттен сиыр ұстап отыр (Е. Мырзахметов, Медет). Осы ауылда кімінің үйінен қанша тайынша, т о р п а қ өретіні алақанында (Ғ.Сапаев, Гүлдана).