ТӨЛЕУ

lat: TÓLEÝ

Төле етістігінің қимыл атауы; төлемін беру, құнын өтеу.

Сатып алдым демегенмен, төлеудің де түгел ашып айтыпты, онысы-азаматтық (Б.Нұржекеев, Күтумен өткен ғұмыр).

Мал төлеу керек болса мен, тіпті, көмектесейін (Ә.Таразин, Асу асу).

Алматының ең үлкен ұрысына қарызын төлеуге рұқсат етіңіз (Р.Сәрсенбаев, Өмір сүргің келсе).

Мерзімді депозиттік сертификатта төлем және процент нарқын төлеудің белгіленген күні болады (Б.Жүнісов,.. Нарықтық экономика негіздері).

Бектастың қасқыр тартып бір құлынын,

Төлетпек болған екен бұл шығынын.

Төлеуге Үдекең де мойындамай,

Естіген екеуінің ел шуылын (О.Шипин, Дастан.).