ТӨМЕНДЕУ

lat: TÓMENDEÝ

сын. 1. Еңістеу, төменірек.

Әкем мені өзіне қатарластырап, арбаның алдына отырғызды. Шешем бізден сәл төмендеу жайғасқан (Н.Ғабдуллин, Сарғайған жапырақ).

Ой, Сыпеке-ай, қойшының балаларынан берік жаратылған жан иесін көрмедім ғой, дейді бас зоотехник төмендеу тізе бүгін жатып (Д.Досжанов, Табалдырығына табын).

Түсер деп көзге жарығы

Шындықтан бұғатындарды,

Төмендеу жатып дарыны

Тебеге шығатындарды (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).

2. ауыс. Құны, сапасы жоғарылау емес, нашарлау.

Түркістан кілемдері сапасы жөнінен Түркімен кілемдерінен төмендеу көрінеді (М.Елеусізов, Шоқан Уәлиханов.).