ТӨМЕНДЕУ

lat: TÓMENDEÝ

Төменде етістігінің қимыл атауы. 1. Төмен қарай түсу, құлдилау, еңістеу, ылдилау.

Бір ғажабы: фашист самолеттері биікте ұшуда, төмендеуге қорқатын тәрізді (Ә.Әлішев, Батыр.).

2. Деңгейі түсу, басылу.

Сонымен бірге жыныстардыњ минералдық құрамы кварц мөлшерінің төмендеуі мен пироксендердің арта түсуіне қарай өзгереді (К.Сапарбайұлы, Геология және гидрогеология негіз.).

Ғалымдар әлі де Каспий деңгейінің төмендеуі туралы нақты қортындыға келе алмай, ол туралы үш түрлі жорамал айтады (Н.Баяндин, Ата мекен).

3. Азаю, кему.

Температура жоғарылаған сайын, тау жыныстарының көлемі ұлғаяды, ал температураның төмендеуінен көлемі кішірейеді (К.Сапарбайұлы, Геология және гидрогеология негіздері).

4. Нашарлау, сапасы түсу.

Ендеше жүннің мол алынуына, оның сапасының төмендеуіне де тигізер зияны жеткілікті (Д.Жанботаев, Шыңдағы шынарлар).

Оқушылардың білімінің төмендеуіне бас болып директор өзі себепті (С.Еркебаев, Алғашқы.).

Кен қорының небәрі 12-20 процент ғана алынып, мұнай қабаттарының су басып кетуіне, өнім беру қабілеті төмендеуіне, әртүрілі жер асты апаттарына байланысты тиімсіз деп саналып, тізбеден шығарылған ұңғылардың саны жыл өткен сайын көбейіп келе жатқаны жасырын емес («Егемен Қазақстан»).