ТҰЙЫҚ

lat: TUIYQ

сын. 1. Шығар жақ беті жабық, бітеу.

Айжанның халі қуған қасқыр қақпайлап әкеп, бұлтара алмайтын тұйыққа келтірілген қоянның халіне ұқсас еді (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз.).

Соған түсіп бес-алты қадам басып еді, алдынан тұйық шықты (Д.Досжанов, Зауал).

2. Киіздің арқан-жіптің т. б. бүктелген, қайырылған жері.

Ол киіз тұйығында жатып, аяғын әлденеше қозғап байқады (3.Шүкіров, Ізгілік.).

Арқан, жіп, әртүрлі баулардың бір басы тұйық болады (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).

3. ауыс. Ашылып сөйлемейтін бұйығы, аз сөзді.

Қайтейін сені, бауырым,

Тым тұйық, бұйық баласың,

Әкеңменен қол соғып,

Алады-ау сатып сасық бай (М.Жұмабаев, Шығ.).

Әне өзіңдей тұйық жігіт

Сағынтайды қарашы,

Гүлсармен тым жақындап бара жатыр арасы (М.Шаханов, Ғасыр.).