ТҰҢҒЫШ

lat: TUŃǴYSH

1. сын. Ең алғаш, бірінші.

Қазақтың боғауыз мақалдарының кейбірін Э.Диваев жинап, тұңғыш рет 1900 жылы Ташкент қаласында қолжазба күйінде жариялап таратты (Х.Досмұхамедұлы).

Тең емесін тұңғыш сездім күшімнің,

Ұрып, соғып, қорлап және азаптан,

Оны жеңу мүмкін емес екендігін түсіндім (М.Шаханов, Ғасыр.).

Ол барлап тұр Болашаққа жол біліп,

Көкірегіне ар-намысшыл толды үміт.

Біздің тұңғыш ғарышкерден аумайды

Сұңғақ бойлы, зор тұлғалы сол жігіт (К.Салықов, Жезкиік.).

Бүгінгі тұңғыш тойыңа

Той ұласқай деп күтед.

Енді алдым ашық деп,

Ілгері басқай деп күтед (М.Жұмабаев, Шығ.).

Қара қағаз келді әкемді өлді деп,

Өзімді-өзім кез жетіпті қолға алар.

Бір тамшы жас шықты көзден мөлдіреп,

Тұңғыш рет жылағаным сол болар (Т.Молдағалиев, Қош.).

Туса да ол қандай кезде, қай елде,

Болса да оның жағдайы өзге, жайы езге,

Адамзаттың ең алғашқы ақыны

Тұңғыш жырын жазған шығар әйелге (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.). 

2. Алғаш көрген баласы, баланың ең үлкені.

Сол аласапыран түнде бір шаңырақтың тұңғышы дүниеге келді (С.Сматаев, Алау).

Ата-ананың тұңғышы да, кенжесі де мен болдым (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.).

Бір үйдің тұңғышы болғанмен, бағдарлап қараса, қараша үйде онан басқа әжетке жарар ешкім жоқ та екен (Саржайлау.).

Тыныштық:

Әне, қара дала батыр.

Дастарқанын жайыпты.

Қара да тұр.

Тұңғыш ұлын әлдилеп жан Ана отыр,

Жарын, ұлын қызықтап жан аға тұр (М.Мақатаев, Шығ.).