ТҰСАУКЕСЕР

lat: TUSAÝKESER

зат. 1. этн. ауыс. Сәби қаз тұрған соң тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.

2. ауыс. Алғашқы, тұңғыш.

Соның тұсаукесер тұңғышы осы кітап «Жібек жел». Ол енді «Арман қанатында» аталатын кітаптарға ұласып отыр (Б.Сарбалаев, Қызыл алма).

Әрине, кітап шығарғанның бәрі ақын бола бермейді. Әйтсе де тұсаукесер өлеңдерімен көзге түскен Темірхан Медетбековтың, Ғұсман Жандыбаевтың, Жарылқасын Амановтың және басқа жастардың қалам тартысы тәуір екен (М.Сатыбалдиев, Мөлдір аспан).

Беу, Астана!

Ардақты ақ қаласың,

Жасап жатыр туған ел салт, жорасын.

Тұсаукесер қуаныш кұтты болсын!

Атар таңдар ақжолтай баққа орасын! (К.Салықов, Жезкиік.).

3. ауыс. Алғаш рет таныстыру рәсімі.

Одан соң академияның профессор-оқытушы құрамы алдында мелекеттік қызметтің қазақстандық нұсқасының тұсаукесерін жасады («Егемен Қазақстан»).

Аталмыш тұсаукесерге қатысушылар ресейлік әріптестерімен бірлесе отырып, отандық вагон құрастырудың тұжырымдамасын жасау, жүк вагондарына тиесілі қосалқы бөлшектерді шығару және жеткізу.. оны жүзеге асырудың тәртіптері мен тетіктерін пайымдады («Айқын»).