ТҰТАМ

lat: TUTAM

зат. хал. өлшем. Бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас, 4-5 еліге тең ұзындықты білдіретін халықтық өлшем.

Ол басын қоя беріп, тұтамға толмайтын жалынан шап беріп ұстағанда қаша жөнелді (Мың бір түн).

Марқакөлдің суы балдай. Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап сүт емес-ау құт сорғалап көнек-көнек лақылдайды… (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Бұртаң-бұртаң,

Жыртаң-жыртаң.

Ой, сезім жоқ көк есек.

Бұқа мойын, тұтам бойын көрмеген мен-көбелек (М.Жұмабаев, Шығ.).

Он мың кісі әскердің,

Шаңы шықты тұманды.

Он екі тұтам қу жебе,

Ер қасына алады-ай (Батырлар жыры).