ТҰТЫНУШЫ

lat: TUTYNÝSHY

зат. Пайдаға асырушы, керегіне жаратушы.

Алматы ет комбинатынан жасалған колбаса, шұжық та тұтынушылар талғамынан шығып жүр (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).

Алакөлдің балығы сапалы сақталып, жергілікті жерлердегі тұтынушыларға дер кезінде жөнелтіп жатады (Т.Телеуғалиев, Балық ауру.).

Арнаулы қымыз фермалары тұтынушылардың көптігі ескеріліп, ірі қалалар мен өндіріс орталықтарына жақын жерлерде ұйымдастырылуда (Қымыз.).