ТҮБІРТЕК

lat: TÚBİRTEK

зат. 1. Кесілген не сынған ағаштың, өсімдіктің түбірі.

Бірінің ізінен бірі жүреді. Бірінің тауып ашқан жусанына бәрі жабыла кетіп, түбіртегіне дейін кеміреді (С.Елубаев, Ойсыл қара).

Түбіртекке сүрініп кетіп, етбеттеп жығылып барып, бойын әрең түзеді (Ш.Мұртаза, Қызыл жебе).

Аштықтан, суықтан әлсіреген тұсақтар аяттарын теңселіп әрең көтереді; бастарын жерден алмайды-жусанның бір ашпаған қатты түбіртектерін қаужаңдаған болады (С.Балғабаев, Құм мен қызғалдақ).

2. ауыс. Бір нәрсенің қалдығы.

Баласы екінші шылымды түбіртегіне дейін құныға сорып, қалың ойда отыр екен (С.Мұратбеков, Дос.).