ТҮЗУ

lat: TÚZÝ

зат. мат. Жазықтықта екі нүкте арқылы өтетін сызық, геометриянық негізгі ұғымдарының бірі.

Түзудің нормал теңдеуін бұрын табылған теңдеуіне сүйенбей, өз алдына шығарып та көрсетуге болады (А.Ермеков, Ұлы математика курсы).

Жазықтықта берілген екі нүкте арқылы өтетін түзу теңдеуін құру II тараудан белгілі (О.А.Жәутіков, Жоғары матем.).

Осы М және N екі нүкте арқылы қисықты қиятын түзу жүргізейік (О.А.Жәутіков, Жоғары матем.).

Тетіктің чертежінде түрлі фигуралар: шеңберлер, түзулер, сынық сызықтар т.б. кездесуі мүмкін. (О.А.Жәутіков. Жаратылыстану. матем. рөлі).