ТҮЗУ

lat: TÚZÝ

сын. 1. Тура, тік.

Орман іші.

Көз тұнады жарыса өскен ағаштан,

Бірі қисық, бірі түзу бәрі көкке таласқан.

Оқтай түзу кей қарағай көзін жазбай тұрса Айдан,

Шілік-шырша орта жолда омақаса қисайған (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.).

Кеннің жатысына қарсы тіреулі самсаған крептер телеграф бағанасындай түзу тартылған (Ғ.Мұстафин, Қарағанды).

Гармоны, домбырасы сайрап тұрса,

Тағылған түзу келіп пернесінде.

Күлім көз, оймақ ауыз жары болса,

Лайық жақсы жауап сөйлесуге.

Ас қазан, орта шарқы жақсы үй болыл,

Шақырса ерік қоймай келмесіңе (Ә.Найманбаев, Шығ.).

Жылқының арқасы түзу болғаны жақсы (А.Сыздықов, Жылқы өсіру.).

2. ауыс. Дұрыс, жөн.

Егерде ол жөпшенді ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көрі ністерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын дұрыс ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынданарлық болса, жамандықтан жапы жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса, міне, осындай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы (М.Жұмабаев, Шығ.).

Көрмесе де көзімді,

Білмесе де өзімді.

Кейінгі жылдар қабылдар,

Айтылған түзу сөзімді (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Болады әсілі әулие бел баласы

Тентекті тезге салып түзу жонған.

Бай Жақас орта жүзге ұйтқы болып,

Атағы алты алашқа мәшһүр болған (Ә.Найманбаев, Шығ.).

Түзу жүрдім, түзу ғұмыр кештім де,

Биік болдым, биік тауда өстім де.

Жапондардың даяшысы секілді

Мен иіліп-бүгілгем жоқ ешкімге (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).