ТҮС

lat: TÚS

зат. Күннің қақ төбеге келетін, күн ыстығы артатын кезі.

Әләуләй, әләуләй, әл әуләй!

Түс боп қапты, тұрған шығар біздің бай!

Бай не тұрсын, быр-быр ұйықтап жатыр-ай,

Былшық сары Сағиласын құшақтай, құшақтай! (М.Жұмабаев, Шығ.).

Түсте келсе тамағы Ұлықпанның дап-дайын.

Ас артынан анасы Білді оның жағдайын (О.Шипин, Дастан.).

Кешегі  түс уағындағы аңызақ ыстықтай (М.Жұмабаев, Шығ.).

Осы күні түсте біз Мадрас губернаторының қонағында болдық (М.Әуезов, Индия очерк.).

Түс ыстығына шыдамаған Тайман мұнай өндіру цехының салқын душына түсіп, кең қақпадан шыға беріп еді (3.Қабдолов, Өмір ұшқ.).