ТҮСІНІК

lat: TÚSİNİK

зат. 1. Бір нәрсе жайлы қалыптасқан ұғым.

Әлі өзіндік толық пікірімен түсінігі жоқ бала өз мінезінің несі жақсы, неменесі жаман екенін ажырата алмайды (Семья тәрбиесі).

Қазақ түсінігінде жұлдыз ақса кісі өледі (I.Есенберлин, Қаһар).

Бір баланың оқу жөнінде бұрыннан жақсы түсінігі болады (Қ.Жарықбаев, Психология).

2. 3ат туралы тұрақталған ой, пікір.

Иә, сіз менің аспан жөніндегі түсінігімді төңкеріп кеттіңіз (Т.Шаханов, Жоғалған.).

Ал іс жүзіндегі жағдай бұл ғылыми түсініктен бір бөтен (М.Дүзенов, Әке.).

3. Бір нәрсе туралы берілетін ақпар, мәлімет.

Саяхатшыларды бастап түсінік беріп келе жатқан кісі бір кезде орнынан тұрды (Ә.Шәріпов, Алыс.).

Енді терме құралдарды атап, олардың кейбіреулеріне түсінік берейік (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).

4. Түсініктеме.

Әлгі сенің Ақтерегіңе түсінік жазып, басым қатқанын қарашы (К.Баялиев, Дегелек.).